×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Google салығы". Шетелдік компаниялар Қазақстанға қанша салық төледі?

22.10.2024, 14:17
"Google салығы". Шетелдік компаниялар Қазақстанға қанша салық төледі?
ашық дереккөз

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті үш жыл ішінде "Google салығынан" Қазақстан бюджетіне қанша табыс түскенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ

Ведомствоның мәліметінше, үш жылдың ішінде шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне 58 миллиард теңгеден астам қаржы төлеген. 2022 жылы түсімдердің жалпы сомасы 10 миллиард теңге, 2023 жылы – 24 миллиард теңге болды. Ал биылғы жылдың 9 айында бюджетке 23 миллиард теңге салық аударылды.

Ең көп салық iHerb Денсаулық сақтау тауарларын сату бойынша маркетплейстен түседі (11 миллиард теңге). Екінші орында Apple (9 миллиард теңгеден астам) тұр. Google үш жыл ішінде 9,3 миллиард теңге төледі.

МКК түсімдер өсе беретінін, ал міндетті төлемдерден ешкім кетпеуі үшін ведомство жазалау шарасын енгізу ұсынғанын атап өтті.

– Жаңа заң жобасы қаралуда. Бұл салық заңнамасын орындамайтын салық төлеушілерге қатысты. Интернет-ресурстарға шектеу қойылады, яғни салық төлеушілер сайттарға кіре алмайды, – деді МКК цифрлық активтер басқармасының басшысы Талғат Әділов отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың басынан бері желіде қызмет көрсететін шетелдік компаниялар, сондай-ақ интернет арқылы жеке тұлғаларға тауарлар сататын шетелдік сауда алаңдары (маркетплейстер) Қазақстанда ҚҚС ("Google салығы") төлеуі тиіс.