×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Жұрттың баласы» YouTube-каналының авторы өзін полиция шақырғанын мәлім етті

22.10.2024, 15:21
«Жұрттың баласы» YouTube-каналының авторы өзін полиция шақырғанын мәлім етті
Коллаж Ulysmedia.kz

«Жұрттың баласы» YouTube арнасының авторы Мұрат Данияр үйіне полиция келгенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Блогердің сөзінше, оған «референдум қарсаңында көрінеу жалған ақпарат таратты» деген айып тағылған. Мұрат Данияр істің мән-жайымен танысу үшін адвокатымен бірге полиция басқармасына келгенін айтады.

«ЖҰРТТЫҢ БАЛАСЫ»

Мұрат Данияр YouTube желісіндегі «Жұрттың баласы» арнасының авторы. Ол жерде блогер елде болып жатқан қоғамдық, саяси оқиғаларға шолу жасап, өзінің көзқарасы мен пікірін білдіріп отырады. Бүгінде оның арнасында 279 видео жарияланған. Ал жазылушыларының саны 405 мыңнан асады.

АЙЫППҰЛ АРҚАЛАҒАН ЖУРНАЛИСТ

Бұған дейін «Уральская неделя» басылымының бас редакторы және құрылтайшысы Тамара Еслямоваға АЭС референдумы қарсаңында тұрғындар пікірін сұрап, жариялағаны үшін "сайлаумен байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу ережесін бұзды" деп 110 760 теңге көлемінде айыппұл салынған.

БЕЛСЕНДІЛЕРДІҢ ҚАМАЛУЫ

Одан бөлек АЭС бойынша референдум қарсаңында елде бірнеше белсенді ұсталып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған. 17 қазан күні Алматыда "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды” деген айыппен қылмыстық іс қозғалған белсенділер бойынша баспасөз жиыны өтті.