АҚШ-тағы президент сайлауына екі апта қалғанда Дональд Трамп Ақ үйдің келесі қожайыны кім болатыны шешілетін негізгі штаттарда Камала Харристі өкшелеп келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ПАРА-ПАР КӨРСЕТКІШ
Дүйсенбіде жарияланған Washington Post – Schar School жүргізген сауалнамада екі үміткер де Аризона, Джорджия, Мичиган, Невада, Солтүстік Каролина, Пенсильвания және Висконсинде тең нәтижеге пара-пар көрсеткіш байқатқан.
Сауалнама Трамп пен Харрис 47%-ға ие болып, ұлттық деңгейде де қатар келетінін көрсеткен. Соңғы апталардағы сауалнамалардың көпшілігі Харриске ұлттық деңгейде артықшылық берген.
Бұл нәтижелер Ұлыбританияның Financial Times басылымы жүргізетін ондаған америкалық сауалнама агрегаторының мәліметтерімен сәйкеседі.
АЙҚЫН КӨШБАСШЫ ЖОҚ ДОДА
FT мәліметтері бойынша, негізгі штаттарда да, ұлттық деңгейде де Трамп пен Харрис теңескен. Төрт маңызды аймақта сауалнама нәтижелеріндегі алшақтық шамалы ғана. Солтүстік Каролина, Пенсильвания және Мичиганда да үміткер нәтижесі өте жақын.
New York Times атап өткендей, бұл жағдайда «көшбасшы» терминін тырнақшаға алу керек. 0,2 баллдық «көшбасшы»» мен «артта қалған» арасындағы айырмашылық өте маңызды болып көрінуі мүмкін, бірақ сайлау нәтижесін сауалнамалар емес, сайлаушылар анықтайды.
Сондықтан сауалнамалар бойынша орташа есеппен 0,2 пункттің артықшылығы немесе кемшілігі маңызды индикатор деп санауға келмейді дейді басылым.
Харрис демократтар атынан қазіргі президент Джо Байденді алмастырған кезде Трампты жылдам қуып жетіп, сәл болса да, оның ішінде көптеген тербелмелі штаттарда да озып кеткен.
Алайда, соңғы апталарда Трамптың науқаны қайта қарқын алған.
FT пікірінше, сайлаушылар Трамптың соттылығы мен дөрекі мінез-құлқын, популистік экономикалық саясатын қабылдауға дайын.
АҚШ-тағы президент сайлауы 2024 жылғы 5 қарашаға жоспарланған.