×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жалған мүгедектік құжаттарын жасаған: Украинаның бас прокуроры қызметінен кетті

22.10.2024, 22:25
Жалған мүгедектік құжаттарын жасаған: Украинаның бас прокуроры қызметінен кетті
Ашық дереккөзден

Украина бас прокуроры Андрей Костин Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚҚК) отырысынан кейін, 22 қазанда, отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БАС ПРОКУРОР ҚЫЗМЕТІНЕН КЕТТІ

Украина бас прокуроры кеңсесінің Telegram-арнасында жарияланған Костиннің мәлімдемесінде ҰҚҚК отырысы «мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының жалған мүгедектікке қатысты моральға жат жағдайға» арналғаны айтылған.

«Қазіргі уақытта мемлекеттегі барлық деңгейлерде тексерістер жүргізіліп, қылмыстық істер тергелуде. Украина прокуратурасы жүйесінде де көптеген ұятты фактілер анықталды», – деді Бас прокурор. «Президент Владимир Зеленскийдің мүгедектікті заңсыз беру туралы барлық шешімдерді жою, зейнетақылар мен басқа да төлемдерге қатысты анық әрі нақты заңнамалық және ұйымдастырушылық өзгерістер енгізу, сондай-ақ жеке жауапкершілікке тарту керектігі туралы ұстанымын толық қолдаймын».

Костин Владимир Зеленский мен Украина Жоғарғы Радасына сенімі үшін алғыс білдіріп, өз қызметінен кетуді дұрыс шешім деп санайтынын атап өтті.

ЖАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ДАЙЫНДАҒАН

«Украинская правда» басылымының хабарлауынша, қазан айының ортасында «Цензор.НЕТ» бас редакторы Юрий Бутусов Хмельницкий облысындағы 49 прокурор жалған мүгедектік құжаттарын рәсімдеу схемасын пайдаланып, жылдар бойы мемлекеттік бюджеттен ақша алып келгенін жариялады. Бұл құжаттарды прокурорларға партияның депутаты Татьяна Крупа көмектескен.

Андрей Костин 2022 жылдан бастап Украина бас прокуроры қызметін атқарды. Ол Зеленскийдің президенттігі кезінде тағайындалған үшінші бас прокурор.