×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жауын-шашын, көктайғақ. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Жауын-шашын, көктайғақ. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК мамандары 24-26 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Таратылған хабарламада алдағы үш күнде циклонның ықпалында еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын күтілуде.

Мысалы, 24 қазанда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, таулы аймақтарда қар жауады деп болжануда.

Республика бойынша да жел күшейеді, тұман және көктайғақ болады, – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Қорытындылай келе, метеорологтар температуралық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейтінін баса айтады.