×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Хезболла" басшыларының бірі Хашем Сафи ад-Дин өлтірілгені хабарланды

23.10.2024, 17:10
"Хезболла" басшыларының бірі Хашем Сафи ад-Дин өлтірілгені хабарланды
ашық дереккөз

Израиль армиясы (IDF) жақында қайтыс болған "Хезболла" басшысы Хасан Насралланың орнына келген Хашем Сафи ад-Динді жойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

IDF-дің 22 қазандағы ақпаратына сәйкес, Сафи ад-Дин "Хезболла" барлау бөлімінің бастығымен және басқа да басшыларымен бірге үш апта бұрын Ливанның астанасы Бейруттың оңтүстік шетіндегі Дахия қаласында әуе шабуылында қаза тапқан. Израиль әскерилері бұл қаланы "террористердің ошағы" деп атайды.

АҚШ "Хезболланы" террористік ұйым деп таныды, Еуропалық Одақ саяси партияға емес, қарулы топтарға – "қара тізімге" енгізді. Ливан Парламентінде "Хезболла" саяси партиясының депутаттары бар.

Қыркүйек айының соңында бірқатар араб БАҚ-тары осы ливандық топтың негізін қалаушылардың бірі, Насралланың немере ағасы Сафи ад-Дин басшы болып тағайындалғанын хабарлаған болатын, бірақ топтың өзі бұл жаңалықты растаған жоқ.