×
510.08
539.61
5.15
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.08
539.61
5.15

Камала Харрис: Трамп – фашист

24.10.2024, 14:25
Камала Харрис: Трамп – фашист
ашық дереккөз

АҚШ президенттігіне кандидат Камала Харрис сайлаушылармен кездесуде қарсыласы «Дональд Трампты фашист деп санайсыз ба» деген сұраққа «иә» деп жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АЛҒАШ РЕТ ЕМЕС

 BBC-дің мәліметіне қарағанда, Камала Харрис Дональд Трампты «фашист» дегені алғаш емес. 

Иә, мен солай ойлаймын. Мен сондай-ақ оның осы жағын жақсы білетін адамдарға сену керек деп ойлаймын, – деп жауап берді Харрис залдан түскен сұраққа.

ХАРРИС КІМДІ МЕҢЗЕДІ

Харрис Трампты жақсы білетін адамдар туралы айтқанда, ол президент Трамптың бұрынғы аппаратының басшысы Джон Келлиді меңзеген болуы мүмкін. Ол сейсенбіде екі сұхбатында Дональд Трампты фашист деп атаған.

Камала The New York Times газетіне берген сұхбатында Трамптың басқаруда диктаторлық көзқарасты жақтайтынын және оның көзқарастары «фашизмнің жалпы анықтамасына сәйкес келетінін» айтты. 

Тhe Atlantic басылымына берген сұхбатында Келли ойын тағы толықтырды: оның айтуынша, Трамп бір кездері нацистік генералдар Адольф Гитлерге бағынғанындай, қызметкерлерінің де оған сөзсіз бағынғанын қалайтынын айтқан.

Трамп бұған жауап ретінде Truth әлеуметтік желісінде Харристі «азғын» деп атап, оның нацистік генералдар туралы әңгімесі өтірік екенін мәлімдеді.

САЙЛАУ НАУҚЫНЫНЫҢ БАРЫСЫ

Бұған дейін АҚШ-тағы президент сайлауына екі апта қалғанда Дональд Трамп Ақ үйдің келесі қожайыны кім болатыны шешілетін негізгі штаттарда Камала Харристі өкшелеп келе жатқанын жазғанбыз.

Дүйсенбіде жарияланған Washington Post – Schar School жүргізген сауалнамада екі үміткер де Аризона, Джорджия, Мичиган, Невада, Солтүстік Каролина, Пенсильвания және Висконсинде тең нәтижеге пара-пар көрсеткіш байқатқан.

Сауалнама Трамп пен Харрис 47%-ға ие болып, ұлттық деңгейде де қатар келетінін көрсеткен. Соңғы апталардағы сауалнамалардың көпшілігі Харриске ұлттық деңгейде артықшылық берген.

Бұл нәтижелер Ұлыбританияның Financial Times басылымы жүргізетін ондаған америкалық сауалнама агрегаторының мәліметтерімен сәйкеседі.