×
486.65
524.46
5.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
486.65
524.46
5.05

«Газа — Палестинаның ажырамас бөлігі»: Палестина көшбасшысы соғысты тоқтатуға ниетті

25.10.2024, 01:35
«Газа — Палестинаның ажырамас бөлігі»: Палестина көшбасшысы соғысты тоқтатуға ниетті
Коллаж Ulysmedia

Палестина көшбасшысы Махмуд Аббас Газадағы қақтығыстарды тоқтатуға үмітенеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАҚТЫҒЫСТАРДЫ ТОҚТАТҚЫСЫ КЕЛЕДІ

Бұл туралы ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу барысында айтты. Аббас атысты тоқтату Палестина мен халықаралық қауымдастық үшін басымдық екенін атап өтіп, бұл аймаққа гуманитарлық көмек жеткізуді бастауға мүмкіндік беретінін айтты.

КӨМЕК ЖЕТКІЗУДІ БАСТАУҒА ДАЙЫН

«Біз не қалаймыз? Тек қақтығыстарды тоқтату. Мұны бәрі талап етіп отыр. Біз мұны жүзеге асыра аламыз деп үміттенеміз және осыдан кейін гуманитарлық көмек жеткізуді бастаймыз», — деді ол.

“ГАЗА – ПАЛЕСТИНАНЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ”

Сондай-ақ Аббас палестиналықтар ешқашан Газадан және Иордан өзенінің батыс жағалауынан кетпейтінін, палестина халқының бірлігінің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, Газа — Палестинаның ажырамас бөлігі, ал ел оккупацияны тоқтату үшін күресін жалғастырып, біртұтас мемлекетте өмір сүруге ұмтылады.