×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қырғызстан мемлекеттік Әнұранын өзгертуді жоспарлап отыр

Қырғызстан мемлекеттік Әнұранын өзгертуді жоспарлап отыр
Фото: depositphotos.com

Қырғыз парламентінің спикері Нұрланбек Шәкиев Қырғызстанның мемлекеттік Әнұранын қайта жазу жоспары туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«ДАМУ ЖОЛЫНДА ТҰРҒАН МЕМЛЕКЕТПІЗ»

24.kg мәліметінше, бұл туралы ол Қара-Қырғыз автономиялық облысының 100 жылдығына және мемлекет қайраткері Иманалы Айдарбековтің 140 жылдығына арналған іс-шарада айтқан.

Біз қазіргі әнұранды Кеңес Одағының құрамынан шыққан кезде қабылдадық. Қазір біз аяққа тұрып, даму жолында тұрған мемлекетпіз. Сондықтан біз әнұранды ауыстыруымыз керек. Ол 5 жастағы баладан 95 жасқа дейінгі қартқа дейін айта алатындай болуы керек, – деді Шәкиев.

Қырғыз Республикасының Мемлекеттік әнұраны 1992 жылғы 18 желтоқсанда Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бекітілген. Ол бастапқыда үш өлеңнен және хордан тұрды, бірақ Жогорку Кенештің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен екінші өлең алынып тасталды.

ҚАЗАҚСТАН ӘНҰРАНЫ ҚАШАН БЕКІТІЛДІ

Еске салсақ, белгілі айтыскер ақын Бауыржан Халиолла өзінің facebook-парақшасында Қазақстан Әнұранының қосалқы авторы Нұрсұлтан Назарбаев емес, ақын Несіпбек Айтұлы екенін жазған болатын.

Жұмекен Нәжмеденовтің «Менің Қазақстаным» өлеңіне жазылған Шәмші Қалдаяқовтың әні елу жылға жуық уақыт халық арасында кеңінен танымал туынды ретінде шырқалып келді. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы және ән мәтініне енгізген өзгертуілері бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда «Менің Қазақстаным» Парламентте Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны болып бекітілді. 2006 жылы 11 қаңтарда Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Осы сәттен бастап «Менің Қазақстаным» Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны ретінде ресми салтанатты жиындарда шырқалып келеді.