×
511.22
540.05
4.73
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
511.22
540.05
4.73

Мәжілістегі көпбалалы әке: әр баламның өзіндік орны бар

26.10.2024, 19:57
Мәжілістегі көпбалалы әке: әр баламның өзіндік орны бар
Ашық дереккөзден

Парламент мәжілісінің депутаты, Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров "Жетінші арнаға" берген сұхбатында отбасы, балалары туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Белгілі бизнесмен сұхбат барысында 8 баланың әкесі екенін және әр баласы жүрегінен жеке орын алғанын жеткізді.

“Әр баламның менің жүрегімнен алған өзіндік орны бар. Өздерінің бөлек қылықтары бар. Олардың маған деген, менің оларға деген махаббатымыз бар. Мен өте балажанмын”, дейді депутат.

Сондай-ақ ол жұрт көзінше жұбайына неліктен көңіл бөлуге тырыспайтынының да себебін айтты.

“Біз солай тәрбиеленгенбіз. Оңтүстіктің, Қызылорданың тәрбиесі сондай”, дейді А.Ходжаназаров. 

Мәжіліс депутаты сонымен қатар сұхбатта қандай отбасында өскенін, депутаттық қызметке не үшін келгенін айтып, Forbes тізіміне кіру үшін ақша төледі ме, мемлекет берген баспана мен көліктен неге бас тартқан деген сияқты сұрақтар төңірегінде ойын білдірген.