×
485.11
523.82
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
485.11
523.82
5.02

Екі жасөспірім Алматы тауларында адасып кеткен

27.10.2024, 09:05
Екі жасөспірім Алматы тауларында адасып кеткен
ТЖМ

Олар Фурманов шыңына көтеріліп, ары қарай бағдарды білмеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі жас туристерді таудағы лашықтардың бірінен тапқан.

“Алматы облысында 17 жастағы екі жасөспірім биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтеріліп, адасып қалған. Ұялы телефон арқылы 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұрады. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесіп "Панорама" шыңында құтқару лашығында табылды” делінген ТМЖ хабарламасында.

Жас туристер қауіпсіз жерге түсіріліп, құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырған.