×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Грузия оппозициясы сайлау нәтижесін мойындамай, митингке шығатынын мәлімдеді

27.10.2024, 10:40
Грузия оппозициясы сайлау нәтижесін мойындамай, митингке шығатынын мәлімдеді
dw.com

5% дауыс шегінен өткен оппозициялық партиялар жаңа парламентте жұмыс істеуден бас тартып, "Грузин арманы" түпкілікті жеңіске жеткен жағдайда наразылық акцияларын өткізетінін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Грузияның оппозициялық партиялары 26 қазанда өткен парламент сайлауының нәтижелерін мойындаудан бас тартты, деп жазады dw.com сайты.

Саналған хаттамалардың 97%-ы сайлауда “Грузин арманы” билеуші партиясы 54,2% дауыспен жеңіке жеткенін көрсеткен.

ОППОЗИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕЛЕРІ

10,8% дауыс жинаған “Өзгерістер үшін коалициясы” қозғалысы жетекшілерінің бірі Ника Гварамия ОСК-ның алғашқы нәтижелеріне “Сайлауда оппозицияны ұрлады. Бұл конституциялық төңкеріс және билікті басып алу” деген пікір білдірді.

“Дауыс ұрлады” деген айыпты 10,1% дауыс жинаған “Бірыңғай ұлттық қозғалыс” жетекшісі Тинатин Бокучава да айтты. Ол орталық сайлау комиссиясы билік партиясының жетекшісі, олигарх Бидзин Иванишвилидің лас бұйрығын орындады деп мәлімдеп, “грузин халқынан жеңіс пен еуропалық болашақты ұрлады” деп айыптады.

“Қуатты Грузия” (8,75%) деген атпен танымал коалиция да сайлаудың алдын ала нәтижесін мойындамайтынын жеткізді.

"Грузия үшін" партиясы 7,75% дауыс алған.

ОППОЗИЦИЯ ҰСТАНЫМЫ

Парламентке өтуге мүмкіндік беретін 5%-дық шекті еңсерген партиялар жаңа парламентте жұмыс істеуден бас тартып, ішкі келіссөзден кейін наразылық акцияларын өткізетінін хабарлады.

Грузин ОСК мәліметінше, сайлауға 2 млн азамат қатысқан, бұл – сайлаушылардың 58,94%-ы. Сайлаудың түпкілікті нәтижесі бүгін шығады деп жоспарланып отыр.