×
491.7
531.28
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.7
531.28
5.07

«Быт-шыттарыңды шығарам»: Мақпал Жүнісова өсек таратқандарға ескерту жасады

27.10.2024, 13:13
«Быт-шыттарыңды шығарам»: Мақпал Жүнісова өсек таратқандарға ескерту жасады
ашық дереккөзденс

Әніш Мақпал Жүнісова өзі жайлы өсек таратқан желі қолданушыларын сотпен қорқытты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ӘНШІ НЕ ДЕЙДІ

Мақпал Жүнісова өзі жайлы әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратып жатқандарға ашуланған.

– Тиктокта ауызы қышып отырған жігіттер ме, қыздар ма – кімдерсіңдер!? “Мені күйеуге шықты ойбай” деп керемет етіп, салып жатыр екенсіңдер ғой”. Ұяттарың қайда өзі? Хайп ұстаймын деп бізді қалай болса солай – ойыншық қылдыңдар ғой!? Ойларыңа келгенді саласыңдар! Ұят емес пе! Бүйте беретін болсаңдар, быт-шыттарыңды шығарам! Адам жалдап, соттап, ақшаларыңды алып кетем! Түсіндіңдер ме!? Ешқандай күйеуге шыққан емеспін. Режиссер қарсы алған концерттің. Сұмдық-ай, жаза беріңдер! Быт-шыттарыңды шығарам, – дейді ол.

Әншінің күйеуі, белгілі саясаткер Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы қаза болған. 61 жаста көз жұмған Заманбек Нұрқаділов өлімінің жай-жапсары әлі де құпия күйінде қалып отыр. Тірісінде саясаткер Қазақстанның президенті болған Нұрсұлтан Назарбаевты ашық сынап, оны "билікті заңсыз иемденіп, жемқорлық жасады" деп айыптаған.

Биыл Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.