Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың депутаттарға берген жауабында толығырақ жазылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ДЕПУТАТТАР САУАЛЫ
Бұған дейін депутаттар Тимур Сүлейменовке алаяқтардан қорғау үшін қарыз алушыларға қорғау тетіктерін күшейтуді сұрап, Ұлттық банк төрағасына депутаттық сауал жолдаған. Сүлейменов нақты тетіктер қалай жұмыс істейтінін атап көрсеткен.
СҮЛЕЙМЕНОВ НЕ ДЕЙДІ
Тимур Сүлейменовтың айтуынша, онлайн микроқарыздарды ресімдеу кезінде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап биометриялық сәйкестендіруді, сол сияқты электрондық цифрлық қолтаңба ЭЦҚ-ны да міндетті бір мезгілде қолдану енгізіледі. Сондай-ақ МҚҰ үшін клиент ақша аударғанға дейін оған банк шотының немесе төлем картасының тиесілігін сәйкестендіру талап етіледі.
АГЕНТТІКТІҢ БАСТАМАСЫ
Ал Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өз тарапынан қорғаныстың мынадай әдістерін ұсынып отыр:
Бұл ретте банктер мен МҚҰ-ға тексерудің кемінде екі әдісін, биометрияны және ЭЦҚ-ны пайдалану қажеттілігі туралы талаптар белгіленген. Бұдан басқа, банктер төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру барысында клиенттің мобильді нөміріне тексеру кодын жібереді.
Сонымен қоса, Агенттік банктерге онлайн кредиттер ресімдеген кезде өтінім берілгеннен кейін келесі күннен кешіктірмей оны мақұлдауға кеңес береді. Осылайша клиент өзіне алаяқтар мәжбүрлеп берген кредиттен бас тарта алатын «шешімді өзгерту» кезеңі енгізіледі.