×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қосшыда бір апта бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы қыз Семейден табылды

27.10.2024, 14:59
Қосшыда бір апта бұрын жоғалып кеткен 16 жастағы қыз Семейден табылды

Бір апта бұрын Қосшыда жоғалып кеткен 16 жасар қыз Семейден табылды. Оның басы аман, дені сау, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2008 жылы туған, кәмелетке толмаған Сәрсенова Ділнәз Еранқызы 19 қазанда жоғалып кеткен еді. Ол үйден шығып, оралмаған. Телефон қоңырауларына жауап бермген.

Алдымен оның жоғалғанын әкесі хабарлады. Олар Ділназды өз бетінше табуға тырысқан, бірақ таппаған. 21 қазанда ата-аналар құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Полиция қыздың үйден бірнеше рет кетіп қалғанын, бірақ кейін қайтып оралғанын анықтады. Сонымен қатар, жасөспірім мүгедектігі бар адам.

Жедел және іздестіру шараларының нәтижесінде қыз Семейден табылды. Полиция қызметкерлері ата-аналардан балалардың орналасқан жерін бақылауды күшейтуді сұрайды.