×
492.22
529.38
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
492.22
529.38
5.03

«Сыңсудың орнына билеп кетіп барады»: желіде ұзатылған қыздың видеосы көптің назарына ілікті

27.10.2024, 15:59
«Сыңсудың орнына билеп кетіп барады»: желіде ұзатылған қыздың видеосы көптің назарына ілікті
скриншот

Әлеуметтік желіде ұзатылып бара жатқан қыз жылап, сыңсу айтпай билеп кетіп бара жатқаны қызу талқыға айналды. Бірі оны сынаса, екіншісі қолдап пікір қалдырып жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz .

Сәттік видеодан қыздың сыңсудың орнына “Аппақ келін” әніне билегенін көруге болады. Желі қолданушыларының бірі оны қолдайды.

– Қанша жерден билеп күлсе де іші алай дүлей болып тұр ғой жаным бақытты болсын. Қазақтың қыздары бақытты болуға лайықты. Қыздарымыз жыламысын, – дейді бірі.

Алайда оған қарсы пікірлер де бар.

– Дым да жарасып тұрган жоқ. Байға тигенге өкініп жыламайсың ғой. Ол көз басы іштен шығады, – дейді екіншісі.

Той қайда өткені жайлы ақпарат жоқ.