×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ – синоптиктер дүйсенбі күнге дауылды ескерту жариялады

27.10.2024, 19:40
Жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ – синоптиктер дүйсенбі күнге дауылды ескерту жариялады
Ашық дереккөзден

"Қазгидрометтің" болжауынша, дүйсенбі еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, кейбір өңірлерде арты қарға ұласады. Тұман мен көктайғақ та қолайсыздық тудырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана қаласында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкент қаласында түнде және таңертең қатты жауын-шашын (көбіне жаңбыр), тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Түркістанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында күші 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (көбіне қар), тұман, көктайғақ күтіледі.

Алматы қаласында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Кешкі уақытта тұман.

Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болмақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. 

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 23 м/с. 

Түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 28-29 қазанда облыстың таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. 28-29 қазанда облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Жетісу облысының оңтүстік бөлігінде қатты жаңбыр, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады.