×
491.7
531.28
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.7
531.28
5.07

Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды

28.10.2024, 08:17
Алматыда Әбдіжәміл Нұрпейісов тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың 100 жылдығына орай қаламгер тұрған Төлебаев көшесіндегі 156 үйге мемориалдық тақта қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемориалдық тақта қою салтанатына танымал әдебиетшінің туыстары мен жақындары Шұға Нұрпейісова, Кәрім Нұрпейісов, сондай-ақ жазушылар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысқан.

«Әбдіжәміл Кәрімұлы отандық және әлемдік әдебиет тарихында жарқын із қалдырып, ХХ ғасырдағы қазақ мәдениетінің символына айналды», – деп атап өтті салтанатты іс-шара барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

Артынша жазушылар, сыншылар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Әлем таныған Әбдіжәміл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткен.

Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылдың 22 қазанында дұниеге келген. Ол КСРО Мемлекеттік сыйлығының  иегері сыйлығын алған Қазақстандағы үш қаламгердің бірі. «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы күллі қазақ әдебиетінің табысы болып саналады.