×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мұнай бағасы күрт арзандады

28.10.2024, 11:17
Мұнай бағасы күрт арзандады
ашық дереккөз

Лондон ICE биржасында Brent мұнай фьючерстерінің құны Астана уақыты 08:20-дағы жағдай бойынша барреліне 72,68 долларға дейін төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 4,54 пайызға төмендеп, барреліне 68,52 долларға жеткен.

Айта кетейік, бұған дейін сарапшылар 28 қазан, дүйсенбіде мұнай бағасының төмендеуін болжаған болатын, өйткені Израильдің Иранға қарсы соққысы мұнай мен ядролық инфрақұрылымды айналып өтіп, энергия жеткізілімін бұзбаған.

Өткен аптада эталондық маркалы мұнай фьючерстері тұрақсыз сауда жағдайында 4 пайызға өсті, өйткені нарықтар Израильдің 1 қазандағы Иранның шабуылына қатаң жауап беруінен қорыққан.