×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Volkswagen он мыңдаған жұмысшысын қысқартпақ

28.10.2024, 16:57
Volkswagen он мыңдаған жұмысшысын қысқартпақ
BILD

Volkswagen автомобиль концерні Германиядағы кем дегенде үш ірі зауытты жауып, он мыңдаған жұмыс орнын қысқартпақшы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Volkswagen Директорлар кеңесі шығындарды азайтудың қатаң жоспарын жариялады.

Директорлар кеңесі өкілдерінің айтуынша, Концерн Германия аумағындағы он зауыттың кем дегенде үшеуін жауып қана қоймай, қалғандарының жұмысын едәуір қысқартуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, компания басшылығының жоспарлары жалақыны қысқартуды және бүкіл бөлімдерді шетелге аутсорсингке беруді қамтиды.

"Бұл жұмыстың барлық түрлеріне қатысты. Сондықтан біздің ешқайсымыз бұл жерде өзімізді қауіпсіз сезіне алмаймыз!" – деді жұмыс кеңесінің басшысы Даниэла Кавалло.

ЖАППАЙ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ

Германиядағы VW зауыттарында шамамен 120 мың адам жұмыс істейді, олардың жартысына жуығы Вольфсбургтегі негізгі зауытта.

"Бұл зауыттар орналасқан аймақтардың қан жүгіріп тұрған өндірісін тоқтатып, он мыңдаған Фольксваген қызметкерлерін жаппай жұмыссыз етпек", – дейді  Кавалло басшылығының шешімі турады.

Ал жұмыс орындарында қалатын VW қызметкерлерінің жалақысы шамамен 18% қысқарып, оларға қарастырылған арнайы қосымша төлемдерді жою жоспарланып отыр. Концерн кәсіподағы жалақыны 7%-ға көтеруді талап етеді, алайда қалыптасқан жағдайда оның өкілдері компания басқармасымен келісе алмайтыны сөзсіз, деп жазады BILD басылымы.

Каваллоның айтуынша, жабылу қаупі Оснабрюк зауытына да төніп тұр. Кәсіпорны жақында Porsche компаниясының үлкен тапсырысын ала алмаған.

Volkswagen тобы терең дағдарыс жағдайында. Қыркүйек айында директорлар кеңесі 30 жылдан астам жұмыс істеген жұмыс кепілдіктерін тоқтатты. Келесі жылдың ортасынан бастап жедел қысқарту болады деп күтіліп отыр.