Алматы облысында өзін тоқтату кезінде оқиға орнынын сытылып кетпек болып, полиция қызметкерін сүйрей қашқан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Алматы облысында жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізуші полицейді өз көлігімен сүйреп әкеткен.
“Байсейіт ауылында сеніп тапсырылған учаскені бақылау кезінде, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, полиция капитаны Қанат Темірбаев пен Эльдар Махмудов жол ережесін бұзғаны үшін Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатты. Хаттаманы толтыру кезінде Достық ауылының 34 жасар жүргізушісі заңды талаптарға бағынудан бас тартты. Полицейлерді елемей, ол көлікке отырып, капитан Темірбаевтың саусақтарын есігімен қысып қалғанына қарамастан, орнынан жылдам қозғалып, офицерді шамамен 10-15 метр сүйреп өтті. Полиция қызметкері тас жолдың үстіне құлап, жарақат алды” делінген облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Құқық бұзушы тәртіп сақшыларынан жасырынуға тырысқан. Алайда көп ұзамай ол ұсталып, Шелек ауылының полиция бөліміне жеткізілген.
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС
Оқиғаға қатысы билік өкіліне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ал жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сонымен қатар, оған жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.
Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр.