×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресейде қорғаныс министрлігінің шенеунігі қамауға алынды

28.10.2024, 20:15
Ресейде қорғаныс министрлігінің шенеунігі қамауға алынды
Ашық дереккөзден

Ресейдің Бас әскери тергеу басқармасы РФ Қарулы күштерінің Бас басқармасы Байланыс қызметінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Александр Оглоблинге қатысты қылмыстық іс қозғады. Оған мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау кезінде аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ПАРА АЛҒАН

Тергеу мәліметі бойынша, 2016-2021 жылдар аралығында Оглоблин Пермь қаласындағы "Телта" телефон зауытының өкілдерінен 10 миллион рубльден астам пара алған. Бұл қаржыға генерал-майор мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау барысында зауытқа жалпы қолдау көрсететінін уәде еткен.

ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Мәскеудің 235-ші гарнизондық әскери соты Оглоблинді тергеу изоляторына қамауға алу туралы шешім шығарды.

АЛҒАШҚЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЕМЕС

Бұл Александр Оглоблинге қатысты қозғалған алғашқы қылмыстық іс емес. 2022 жылдың ақпан айында Мәскеу гарнизондық әскери соты оны ірі көлемдегі алаяқтық үшін төрт жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Сот Оглоблинді Қорғаныс министрлігіне түрлі байланыс жүйелерін жеткізуге бөлінген 1,6 миллиард рубльді ұрлауға қатысы бар деп тапты.

2024 жылдың тамыз айында Оглоблиннің адвокаты генералдың бұрынғы Бас штаб бастығының орынбасары, Байланыс басқармасының басшысы Вадим Шамаринге қарсы куәлік беру үшін наурыз айында колониядан босатылғанын мәлімдеді. Алайда ТАСС агенттігі бұл шешімді екінші кассациялық соттың бұзғанын хабарлады.

Шамарин мамыр айының соңында қамауға алынды. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол 2016 жылдың сәуірінен 2023 жылдың қазанына дейін "Телта" зауытынан мемлекеттік келісімшарттар бойынша жеткізілетін өнім көлемін ұлғайту және "жалпы қолдау көрсету" үшін 36 миллион рубль пара алған.