×
$
456.56
530.52
5.28
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
456.56
530.52
5.28

Трамптың өкілдері Украинаға жетті

Бүгін, 15:28
Трамптың өкілдері Украинаға жетті

Дональд Трамптың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Мәскеуде Владимир Путинмен келіссөз өткізгеннен кейін Киевке барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Олардың Украинаға жеткенін AP де растады.

Мән-жайы

АҚШ өкілдері Украина басшылығымен Дональд Трамптың соғысты тоқтатуға қатысты жаңа ұсынысын талқылайды деп күтіліп отыр.

Бұл - Уиткофф пен Кушнердің Украина астанасына жасаған алғашқы ресми сапары.

Бұған дейін арнайы өкілдер мінген ұшақ Мәскеудегі келіссөздерден соң Польшаға қонғаны хабарланған.

Мәскеуден кейін Киевке келді

Кеше, 5 қыркүйекте, Путин Уиткофф пен Кушнермен үш сағаттан астам сөйлесті. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков кездесуді мазмұнды әрі сындарлы деп бағалады. Оның айтуынша, америкалық делегация соғысты тоқтатудың ықтимал жолдарына қатысты бірнеше ұсыныс жеткізген.

«Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер қақтығыстың тезірек аяқталуына мүдделі екенін айтып қана қоймай, оны реттеудің ықтимал жолдарына қатысты бірқатар ой-пікірін де ортаға салды», — деді Ушаков.

Ұсыныстардың нақты мазмұны жарияланған жоқ.

Мәскеу өз ұстанымын жеткізді

Ушаковтың айтуынша, Ресей тарапы америкалық өкілдерге жағдайға қатысты өз көзқарасын егжей-тегжейлі түсіндірген.

Путин АҚШ-пен байланысты жалғастырып, мәселені саяси жолмен шешуге дайын екенін де айтқан.

Кейін Ақ үй келіссөздерді мазмұнды деп бағалап, келесі қадамдар алдағы апталарда жарияланатынын хабарлады.

Бұған дейін Путин Киевке жасалатын соққыларды үш күнге тоқтатуға тапсырма берген. Кремль мұны америкалық келіссөз өкілдерінің Украинаға сапарымен байланыстырған.