АҚШ-тағы президенттік сайлау нәтижесіне букмекерлік кеңселер бәс тігіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙЫ
Букмекерлік кеңселердің коэффиценттері Дональд Трампқа жоғары қойылған.
Белгілі болғандай, төрт жұмбақ аккаунт Трамптың қараша айында өтетін президенттік сайлауда жеңіске жететініне 30 млн доллар тіккен.
Кейбір интернет пайдаланушылары егер Трамп жеңілсе, ол Polymarket коэффициенттерін көрсетіп, сайлау «бұрмаланған» деп айта алатынын ескертті, – деп жазды британдық Independent газеті.
МҮМКІНДІКТЕР
АҚШ-тың RealClear Polling сайтының мәліметіне сәйкес, Дональд Трамптың 2024 жылғы президенттік сайлауда жеңіске жету мүмкіндігі 61,1%, ал Камала Харристің жеңіске жету мүмкіндігі 37,5% деп бағаланып отыр.
ПАРА-ПАР КӨРСЕТКІШ
Өткен аптада жарияланған Washington Post – Schar School жүргізген сауалнамада екі үміткер де Аризона, Джорджия, Мичиган, Невада, Солтүстік Каролина, Пенсильвания және Висконсинде тең нәтижеге пара-пар көрсеткіш байқатқан.
Сауалнама Трамп пен Харрис 47%-ға ие болып, ұлттық деңгейде де қатар келетінін көрсеткен. Соңғы апталардағы сауалнамалардың көпшілігі Харриске ұлттық деңгейде артықшылық берген.
Бұл нәтижелер Ұлыбританияның Financial Times басылымы жүргізетін ондаған америкалық сауалнама агрегаторының мәліметтерімен сәйкеседі.
Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден АҚШ-тағы президент сайлауына мерзімінен бұрын дауыс бергенін жазған едік.
Шетелдік БАҚ мәліметінше, ол дауыс беру алдында шамамен 40 минут кезекте тұрған. “CBC News” мәліметі бойынша, Байден Уилмингтон қаласының маңында, Делавэр штатында дауыс берген. Ол демалыс күндерін осы қалада өткізіп, кейін Ақ үйге оралған.