×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сот Берденовті букмекерлерден қорғап қалды

29.10.2024, 15:51
Сот Берденовті букмекерлерден қорғап қалды
Коллаж Ulysmedia.kz

Сот депутат Руслан Берденовтің үстінен шағымданған букмекерлік кеңселердің талабын қанағаттандырудан бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты “Қазақстан Букмекерлер Ассоциациясы” заңды тұлғалар бірлестігінің депутат Руслан Берденовке қатысты ақпаратты жалған және заңды тұлғалардың іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп тану туралы талабын қараған.

Талап қоюшылар депутатты азаматтардың құмар ойындарға жұмсаған қаражаты туралы бірнеше рет жалған ақпарат таратты деп айыптаған.

СОТ ШЕШІМІ

“Даулы басылымдарда Ассоциация мен оның мүшелерінің іскерлік беделі төмендеді деген қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпарат болмағандықтан, сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты. Жарияланымдарда бағытталған нақты мекен-жай көрсетілмеген. Филологиялық-психологиялық сараптама қорытындысы бойынша Ассоциация мен оның мүшелеріне қатысты теріс ақпарат жоқ екені анықталды. Бұл тұжырымдар сотта жоққа шығарылмады” делінген сот хабарламасында.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

БУКМЕКЕРЛЕР ШАҒЫМЫ

Бұған дейін Қазақстанның букмекерлер қауымдастығы Respublica партиясынан сайланған мәжіліс депутаты Руслан Берденовты сотқа берген.

“ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТТЫ”

Букмекерлер қауымдастығы Берденовті ойын бизнесі және спорттық бәс тігу ұйымдастырушыларының іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпараттарды таратты деп оның үстінен сотқа арыз түсірген. 

Сала өкілдерінің айтуынша, мұндай беделге нұқсан келтіретін ақпараттар жауапкердің депутаттық қызметі барысында көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен интернет ресурстары арқылы таратылған.

«Жауапкер таратқан жалған ақпараттардың нәтижесінде реттеу шараларының қатаңдатылуына, саланың және оған қатысты салалардың монополиялануына, бизнес функцияларын делдалдарға беру немесе бизнестің қызметін шектеуге ұласты. Атап айтқанда, жауапкер таратқан ақпараттар ойын бизнесі және спорттық бәс тігу саласындағы реттеуді қатаңдататын заң жобаларының негізінде пайдаланылды”, –  деп жазылған арызда. 

СОТҚА ДЕЙІН ШЕШКІСІ КЕЛГЕН

Букмекерлер 2023 жылғы 20 желтоқсанда дауды сотқа дейін реттеу мақсатында жауапкерге сотқа дейінгі талап жіберген. Онда ойын бизнесін ұйымдастырушылардың іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді терістеуді, олардың шынайы емес екендігі туралы міндетті түрде хабарлай отырып, осы құжаттарды қайтарып алуды, ойын бизнесін ұйымдастырушылардан жария түрде кешірім сұрауды талап еткен. 

Бірақ ойын бизнесін ұйымдастырушылар Берденовтен талаппен келіспейтіндігі туралы және таратылған ақпараттарды беделге нұқсан келтірмейді деп санайтыны жөнінде жауап алған.

РУСЛАН БЕРДЕНОВ

Руслан Берденов ірі кәсіпкер, мәжілістегі Respublica партиясынан сайланған депутат. Ол құмар ойынға қарсы заң жобалары бойынша жұмыс жүргізетін Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің жұмыс топтарына мүше, сонымен қатар ойын бизнесі және спорттық бәс тігу салаларын реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен аффилиирленген тұлға.