Құқықтық медиа-орталықтың сайтында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жарияланып, сотталған журналист Данияр Әділбековті қорғау үшін қол жинау басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Өтініште Әділбековке айып тағылған қылмыстар азаматтық сотта қаралуы керек деп айтылған. Бұл ретте оның жазасы қоғамдық қауіп төндірмейтін құқық бұзушылықтар үшін пропорционалды емес болып шықты.
Сонымен қатар, Құқықтық медиа-орталықта Әділбековтің қылмыстық процесте көрсеткен мәліметтерінің жалғандығы жәбірленушілердің айғақтарымен ғана дәлелденбейтініне сенімді екені айтылған.
НЕ СҰРАЙДЫ
Органдар мәліметтердің жалғандығын растаған жоқ, ал қорғаушылар сотқа Даниярдың мәліметтерді ашық көздерден алғаны туралы жеткілікті құжаттық дәлелдер келтірді, – делінген хатта.
Авторлардың айтуынша, кәсіби журналистік қызмет қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы керек. Мамандар қатаң өзін-өзі цензура жағдайында жұмыс істемеуі керек.
Әділбековтің іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ екеніне сенімдіміз, яғни ол ақталуы тиіс. Біз сізді осы пропорционалды емес үкімге назар аударуға, баспасөз институтын бұзбауға және сөз бостандығын қорғауға шақырамыз, – делінген сайтта.
ҮКІМ
Сот үкімімен Данияр Әділбеков 4 жыл 6 айға сотталды. Одан бөлек шығымданушылардың бірі журналист Гүлжан Ерғалиеваға 1,5 млн теңге моральдық төлем өтеуге міндеттелді.
Прокурор бұған дейін оны 5 жылға соттауды сұраған еді. Қорғаушы тарап журналиске тағылған айыптың ешбірі дәлелін таппағанын айтады.
Журналиспен қатар осы іс бойынша өткен мұнай трейдері Ерлан Саудагеровтың үш жылға бас бостандығы шектелді. Ол сот залынан босатылды.
P.S. Журналист конвойлар алып кетерде сот шешімін "Қазақстандағы сөз еркіндігін өлтіру” деп бағалап, “мені журналист болғаным үшін ғана соттады” деп мәлімдеді.
ДАНИЯР ӘДІЛБЕКОВТІҢ ІСІ
Еске сала кетейік, наурызда қамауға алынған журналист Данияр Әділбековтың соты қоғамның жіті назарында.
Оның істі болуына үш адам: энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов, журналист Гүлжан Ерғалиева және елорда әуежайының инвесторы Юсуш Рашед Альджаудердың арызы себеп болды.
«Дикая Орда» телеграм-каналындағы анонимді жазбалары үшін журналиске екі бап бойынша айып тағылды. Оның бірі – Қылмыстық кодекстің 419-бабы мұнай трейдері Ерлан Саудагеровтің тапсырысымен энергетика вице-министрі Ерлан Аккенженов туралы көрінеу жалған сөз жеткізу, екіншісі – Гүлжан Ерғалиева мен астаналық әуежайдың топ-менеджері Юсуш Альджаудер туралы көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату (274-бабы) бойынша.
Телеграм-каналында энергетика вице-министрінің коррупциялық схемасынан шаршаған шетелдік инвесторлардың жанайқайы туралы жазған журналист E-otinish арқылы жауапты мекемені вице-министрдің жұмысын тексеруге шақырған. Тергеу мәліметтері бойынша, вице-министрге қатысты айыптау ақпаратын мұнай-трейдері Ерлан Саудагеров тапсырыс арқылы жаздырған. Саудагеров ол ақпараттар ашық дереккөзде тұрғанын алға тартады. Ал Энергетика министрлігі аталған жазба бойынша жүргізілген қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық қаупі анықталмағанын алға тартты.
Бір қызығы, сотта Ақкенженов Әділбековтің қай сөзінің көпе-көрінеу жалған екенін дәлелдей алмады, жәбірленушінің адвокаты сұраған қағаздарды да ұсынуға құлық танытқан жоқ. Ол Саудагеровті де, Әділбековті де бас бостандығынан айыруды талап етпейтінін жеткізді. Бар болғаны сот арқылы нұқсан келген ар-абыройы мен беделін қорғауға ниетті.
Әділбековті айыптап отырған журналист Гүлжан Ерғалиева оны бас бостандығынан айыруға мүдделі емес екенін айтып, ақырғы шешімді судьяға қалдыратындарын мәлімдеген. Сот Әділбековті оған 1.5 млн теңге төлеуді міндеттеді.