Жамбыл облысының әкімдігінде 9 айдағы өңірдің дамуы мен бюджеттің игерілуі қаралды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ӨҢІРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген әкімдік мәжілісінде 2024 жылдың 9 айындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің атқарылуы қаралды.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның айтуынша, есепті кезеңде облыстың экономикалық өсімі 3,7 пайызды құрады.
Ең жоғары көрсеткіш құрылыс (20,6%), тұрғын үй құрылысы (2,3%), инвестиция (1,7%), сауда (2,1%), сондай-ақ көлік (13,5%) және байланыс (9,1%) салаларына тиесілі.
ТАРТЫЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ
Негізгі капиталға 328,3 млрд.теңге инвестиция тартылды.