×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

Зорлау фактісі: Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтап қалды

29.10.2024, 22:05
Зорлау фактісі: Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтап қалды
Коллаж Ulysmedia

Бұған дейін зорлау бабымен айыпталған Жанқош Тұраровтың кінәсі дәлелденбеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КІНӘСІ ДӘЛЕЛДЕНБЕДІ

Алматы қаласының Әуезов ауданы полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеген. Іс бойынша IBO тұжырымы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы, танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров айыпталушы болған.

«Сот-медициналық және сот-биологиялық сараптамалар жүргізіліп, олардың нәтижесінде зорлау фактісі расталмады», — деп хабарлады полиция.

20 қазанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының 1-бөлігі 2-тармағына (қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату) сәйкес сотқа дейінгі тергеуді тоқтату туралы шешім қабылданғаны белгілі болды. 

Бұл шешіммен Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы келіскен.

БҰҒАН ДЕЙІН

Әнару Қалдыбекқызы Құрманәлі Жанқош Тұраровтың үстінен шағым түсірген еді.