×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Танымал блогер Әлібековтың көлігі адам өліміне себепші болды

30.10.2024, 22:10
Танымал блогер Әлібековтың көлігі адам өліміне себепші болды
Әлеуметтік желіден

29 қазанда Алматы – Астана трассасының бойындағы "Сокол" автодромында жас жігіт белгілі блогер Бейбіт Әлібековтың көлігімен қауіпті трюк жасамақ болып қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

22 жастағы блогер Батырхан Ержанов жүріп келе жатқан көліктен секіруі керек болған. Алайда Lamborghini рөлінде болған 45 жастағы Анатолий Подлипалин трюк орындау барысында Ержановты басып кеткен.

Оқиғадан кейін Батырхан Іле ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер қанша тырысқанымен 30 қазанда жас жігіт алған жарақаттарынан қайтыс болды.

ӘЛІБЕКОВТЕН КӨЛІК СҰРАҒАН

Бейбіт Әлібеков қайтыс болған жігіт өзінен бірнеше рет көлігін сұрағанын, бірақ бұл ойға күмәнмен қарайтынын жеткізіп, телеграм-каналында қауіпті трюкті орындау үшін Lamborghini көлігін беру-бермеу туралы сауалнама өткізген. Алайда ақыры көлігін сеніп тапсырған. Оның ақыры осындай қазаға душар етіп отыр.

«Айтарға сөз таппай отырмын. Отбасы мен туыстарына көңіл айтамын. Мүмкін, оған көлікті бермеуім керек еді», – деп пікір білдірді Әлібеков.

СЕБЕБІ САЙЫС БОЛУЫ МҮМКІН

Алдын ала ақпарат бойынша, мұндай қауіпті трюкке баруға танымал ресейлік блогер Михаил Литвин ұйымдастырған конкурс себеп болуы мүмкін. Қайтыс болған жігіт әрекеті арқылы әсерлі бейнежазба жасамақ болған. Конкурсқа 200 мыңнан астам жазылушысы жоқ аккаунт авторлары қатыса алады делінеді. Негізгі жүлдеге автокөлік берілетіні айтылған

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. Полиция жағдайлы абайсызда болған оқиға ретінде қарап жатқаны хабарланды.