×
$
441.88
€
503.61
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.88
€
503.61
₽
5.24

Каспийдегі қайғылы оқиғада қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Бүгін, 11:52
Каспийдегі қайғылы оқиғада қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды
Ulysmedia.kz коллажы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Ақорданың хабарлауынша, наградалар әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін берілді.

29011 әскери бөлімінің взвод командирі Олжас Мұхтарұлы Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Ал Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені:

  • Аяпберген Сержан Талғатұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
  • Бегей Дастан Нұрболұлы - 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқыш);
  • Бердіханов Мейрамбек Ермұханұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
  • Гилаж Ақжайық Болатбекұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқышы);
  • Гумаров Мансұр Айтбайұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
  • Диханбаев Олжас Тәжібайұлы - 29011 әскери бөлімінің бөлімше командирі;
  • Жанабай Әсет Саматұлы - 29011 әскери бөлімінің маманы (көздеу атқышы);
  • Көбенов Алмас Жүсіпұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыш);
  • Мәдихан Азамат Болатбекұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыштың көмекшісі);
  • Өмірзақ Өмірбек Өмірболатұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (граната атқыш);
  • Темірғалиев Жеңіс Тілеушұлы - 29011 әскери бөлімінің матросы (пулеметшінің көмекшісі);
  • Төлеген Ақылбек Қабденұлы - 29011 әскери бөлімінің аға матросы (аға атқыш);
  • Тұрдыбекұлы Мирас - 29011 әскери бөлімінің матросы (атқыш).

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, 17 әскери қызметші суған кеткен. Үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметші қаза тапты.

Қайғылы оқиғадан кейін Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Оқиғаға байланысты тергеу жалғасып жатыр.