×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Мирзиёевтің қызының саяси серігіне қастандық жасалды

31.10.2024, 20:55
Мирзиёевтің қызының саяси серігіне қастандық жасалды
Ашық дереккөзден

Шавкат Мирзиёевтің қызының саяси серігі Комилжон Алламжоновқа қастандық жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  "Азаттық радиосына" сілтеме жасап.

ЫҚПАЛДЫ ОТБАСЫЛАРДЫҢ АРАСЫ СУЫҚ

Бұл Өзбекстанның саяси сахнасында жүрген ықпалды отбасылар арасында жұрт ойлағандай бірлік жоғын аңғартқандай.

Азаттықтың өзбек қызметінің жоғары шенді ақпарат көздері бірнеше ай бойы Мирзиёевтің кенже қызы Шахнозаның күйеуі Отабек Умаров пен Алламжоновтың қарым-қатынасы нашар екенін айтып келді.

ТЕКЕТІРЕСКЕ НЕ СЕБЕП?

Бір ақпарат көзіне сәйкес, Умаров өзі мафиямен байланысы бар кәсіпкерлер мен саясаткерлерді қудалау үшін құрған бейресми, құпия "жедел тобының" жұмысына Алламжонов кедергі келтірмек болды деп күдіктенген соң, екеуінің арасында кикілжің өршіген.

Шілдеде Азаттықпен сөйлескен ақпарат көзі Алламжоновтың араласуынан кейін тергеу басталып, жедел топ жұмысы біраз уақытқа тоқтап қалды деген.

Бұл саяси сахна сыртындағы махинациялар сияқты көрінеді.

КОМИЛ АЛЛАМЖОНОВ 

Комил Алламжонов (1984 жылы туған) – Өзбекстанның мемлекеттік өнер және мәдениет институтының (2006) және Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінің (2010) түлегі.

2020–2022 жылдары ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау және дамыту қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы болды.

Бұған дейін, 2018 жылдың қарашасынан бастап президент әкімшілігі жанындағы ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директоры қызметін атқарды (бұл агенттік 2019 жылдың ақпанында Өзбекстанның баспасөз және ақпарат агенттігі негізінде құрылған).

Оған дейін президенттің баспасөз хатшысы және мемлекет басшысының әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.