×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

158 адам: Испаниядағы табиғат апаты бой бермей жатыр

01.11.2024, 00:15
158 адам: Испаниядағы табиғат апаты бой бермей жатыр
DW

Испанияда толассыз жауын-шашыннан кейін болған алапат су тасқынының зардаптарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Валенсия провинциясында табиғи апат салдарынан 158 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР САНЫ КӨБЕЙДІ

Валенсияның құтқару қызметтері қирандыларды тазалауда, ал қайтыс болғандардың денелері арнайы құрылған уақытша мәйітханаға жеткізілуде. Табиғи апаттың басты соққысы Валенсия автономды қауымдастығына түсті, бірақ Кастилия-Ла-Манча мен Андалусия аймақтары да зардап шекті.

ЖАУЫН-ШАШЫННЫҢ САЛДАРЫ

Валенсия қаласының әкімі Мария Хосе Каталаның айтуынша, бейсенбі күні таңертең Ла Торре және Кастеллар қалашықтарында 13 мәйіт табылған, оның сегізі су басқан гараждан табылды. Толассыз жауын-шашын басталған сейсенбіден бері Азаматтық гвардия қызметкерлері Валенсия провинциясының зардап шеккен аймақтарында 3 400 адамды құтқарған. Шамамен 300 адам оқшауланып, бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткен. Альбасете провинциясында бес адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Бейсенбі күні қатты жауын-шашын Кастельон, Таррагона және Андалусияның кейбір аудандарында әлі де жалғасуда.