×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

АҚШ-тағы сайлау нәтижесіне қарамастан, территориямызды Ресейге бермейміз – Зеленский

01.11.2024, 08:41
АҚШ-тағы сайлау нәтижесіне қарамастан, территориямызды Ресейге бермейміз – Зеленский
Фото: Владимир Зеленский әкімшілігінің сайты

Украина президенті Владимир Зеленский Оңтүстік Кореяның KBS телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тағы сайлаудың нәтижесі мен Украинаға көрсетілетін қолдаудың өзгеруіне қарамастан Киев ешқандай территориялық компромисске бармайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“БҰЛ – ШЫНДЫҚ”

– АҚШ-тың жаңа президенті Украинаға қолдау көрсетуін күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін. Украинаға қолдаудың әлсіреуі – Ресейге бізді көбірек оккупациялауға мүмкіндік береді. Украинаға қолдаудың әлсіреуі – бізге осы соғыста жеңіске жетуге мүмкіндік бермейді. “Бұл – шындық” деді ол.

ТРАМП ЖЕҢСЕ

Зеленский Дональд Трамптың жеңісі жағдайында АҚШ саясатының өзгеру мүмкіндігін айтып, Украинаға ықтимал қысым туралы алаңдаушылығын білдірді.

"Егер Трамп жеңсе, оның жариялағаны бойынша ол іскер адам және соғысты тез аяқтап, қандай да бір модельді табуды қалайды. Бірақ егер Трамп жеңіске жеткен жағдайда Украинаны бәрін беруге мәжбүрлеуді қаласа, мен бүгінгі таңда бұл мүмкін емес деп ойлаймын, – деді Зеленский.

УКРАИНАНЫҢ ОККУПАЦИЯЛАНҒАН АУМАҒЫНА ҰСТАНЫМЫ

Президент Украина өзінің оккупацияланған территорияларын Ресейдікі деп танымайтынын айтты.

– Кім не десе де, АҚШ-та кім жеңсе де және Путин Ресейдің басшысы болып қала берсе де – бұл мүмкін емес. Украина ешқандай жағдайда өзінің заңды мемлекеттік территорияларынан бас тартуға конституциялық құқығы жоқ, сондықтан Путин не ойласа да заңды тұрғыдан бұл мүмкін емес, – деп атап өтті Украина президенті.

КУРСК ОПЕРАЦИЯСЫ

Зеленский Ресейдің Курск облысындағы әскери операциясы туралы пікір білдіре отырып, "бізге олардың территориясы қажет емес" деді.

– Біз ештеңе оккупациялаған жоқпыз – біз олар қарсы бағытта жасағысы келген буферлік аймақты жасадық... Біз онда өмір сүрмейміз, біз олардың территорияларын басып алуды жоспарламаймыз – бұл бізді қызықтырмайды. Біз өз территорияларымызды қайтаруды қалаймыз. Егер соғыс аяқталған кезде, дипломатиялық қадамдар немесе бүгінгі тактикалық әскери қадамдар кезінде осы операцияның әсері болса, біз оны пайдаланамыз, – деді ол.