×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанның мүдделерін қорғау керек – Қуантыров Қашағандағы инвесторларға қойылған талап жайлы

01.11.2024, 10:50
Қазақстанның мүдделерін қорғау керек – Қуантыров Қашағандағы инвесторларға қойылған талап жайлы
Ашық дереккөзден

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров "Қашаған" мұнай кен орнын игеріп жатқан шетелдік мұнай компанияларына қойылған өтемақы талаптары орынды деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚУАНТЫРОВ НЕ ДЕЙДІ

Бұл талап шетелдік инвесторларды үркітіп алмай ма деген сұраққа Қуантыров “әрине, жоқ” деп жауап берді.

– Осы мәселені шетел инвесторларымен (мұнай компарияларымен) талқылап жатырмыз. Істі жүргізуші Энергетика министрлігі. Біз әрине, Қазақстанның мүдделерін қорғауымыз керек. Ол – коммерциялық мәселе. Талқылау арналары арқылы оны шешу керек, – деді Астанада өтіп жатқан инвестициялық форум барысында.

ӨТЕМАҚЫ ТАЛАБЫ

Еске сала кетейік биыл тамызда Bloomberg Қазақстан "Қашаған" мұнай кен орнын игеріп жатқан шетелдік мұнай компанияларына өтемақы талаптары мөлшерін 160 млрд долларға дейін ұлғайтқанын жазған еді. Басылым өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, Қазақстанның Қашаған операторларына қарсы төрелік талап-арызы 10 млрд-қа өскенін хабарлаған.

“Мемлекет кейбір мәмілелер сыбайлас жемқорлықпен ластанғанын айтқаннан кейін төрелік шағымдар 160 миллиардтан астам долларға жетті", – делінген мақалада.

Өтемақы талаптарының мөлшері әлі де артуы мүмкін екендігі аталып өткен.