×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жамбыл облысы прокуратурасы балалар пайдасына қарызды өндіру талаптарын күшейтті

01.11.2024, 15:40
Жамбыл облысы прокуратурасы балалар пайдасына қарызды өндіру талаптарын күшейтті
Фото: Жамбыл облысының прокуратурасы

Ағымдағы жылы прокурорлардың араласуымен 251 кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олардың пайдасына 70 млн теңгеден астам алимент өндірілді.

Сондай-ақ сот орындаушыларынан жұмыс орнын жасырған 1 261 борышкер анықталды. Барлық осы адамдар бойынша жалақыдан қарыздарды өндіріп алу басталды.

Негізсіз тоқтатылған және қысқартылған атқарушылық құжаттар бойынша 27 млн теңгеге іс жүргізу қайта жандандырылды.

Прокуратура органдары балалардың мүдделерін қорғау мақсатында жосықсыз борышкерлерге қатысты шаралар қабылдау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.