×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қытайлар қаптап жатыр: көрші елден туристерден гөрі мигранттар көп келуде

01.11.2024, 16:56
Қытайлар қаптап жатыр: көрші елден туристерден гөрі мигранттар көп келуде
Ulysmedia коллажы

Қазақстанда жыл басынан бері Қытайдың қанша азаматына туристік және қанша азаматына еңбек визасы берілді? Кейінгі жылдары берілген виза саны қаншалықты өсті? Осы сұрақтың жауабын Ulysmedia.kz тілшісі Ішкі істер министрлігінен алды.

МИГРАНТТАР МЕН ТУРИСТЕР

Қытайдан келетін мигранттар саны қашан да қоғам назарынан тыс қалмайтын тақырып. Былтыр екі ел арасында 30 күнге дейін визасыз режим енгізілген кезде де қоғамда «қытайлар қаптайтын болды» деп көп сын айтылған. Билік тарапы «керісінше, бұл Қазақстанның туристік тартымдылығын арттырады» деп сендіргеніне қарамастан, визасыз режимге қарсы адамдардың көбі пікірін өзгерте қойған жоқ. Елдегі LRT секілді ірі жобаны да былтыр Қытайдан келген 1 мың жуық жұмысшы жасап жатқаны хабарланған. Күнделікті өмірде де қытай азаматтарының ірі қалаларда көбейгені анық байқалады.

Осыдан бес жыл бұрын Алматы облысы Қызылағаш елдімекені маңында болған қытай жұмысшылары мен қазақ жігіттері арасындағы қақтығыс салдарынан қазақстандық бес азамат қамауға алынып, қоғамда үлкен резонанс туған еді. Елдегі қытай компанияларында еңбек ететін қазақстандық жұмысшылардың де ереуілі болып тұрады. Екі жыл бұрын Жамбыл облысында салынып жатқан Меркі-Бурылбайтал тас жолының жұмысшылары ереуілге шыққан еді. Олар жалақыны көтеріп, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, наразылық білдірген.

ІІМ  НЕ ДЕЙДІ

ІІМ ресми жауабына сүйенсек, мемлекеттік шекарадан өткізу Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің құзыретіне кіреді. Биылдан бастап ІІМ осы жылдың басынан бастап – 28 қазанға дейінгі аралықта ҚХР азаматтарына еңбек қызметін жүзеге асыру санатында 10 348 виза, туристік мақсатта 204 виза берілгенін хабарлайды.

Ал кейінгі төрт жылдағы көрсеткіш мынадай:

  • 2023 жылдың 12 айында – 9 093 еңбек визасы, 539 – туристік виза;
  • 2022 жылдың 12 айында – 6 906 еңбек визасы, 55 – туристік виза;
  • 2021 жылдың 12 айында – 7 743 еңбек визасы;
  • 2020 жылдың 12 айында – 4 406 еңбек визасы,– 679 туристік виза берілген.

ІІМ ҚХР-дан келетін азаматтардың көпшілігі өзіміздің қандастар екенін хабарлады.