Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда TikTok-ты блоктауды ұсынған сенатор Геннадий Шиповскихтің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Министрлер кабинетінің басшысы бұғаттау жоспарланбағанын айтты, өйткені TikTok-пен контент модерациясын жақсарту және жас пайдаланушыларды қорғау бойынша ынтымақтастық жалғасып жатыр. Мысалы, 2024 жылдың қаңтар-тамыз аралығында Қазақстанда 13 жасқа толмаған пайдаланушылардың 1,2 миллионнан астам аккаунты жойылған.
Бектенов әлеуметтік желілердің қоғам үшін маңызды екенін және пайдалы контенттің көзі бола алатынын атап өтіп, алгоритмдерді жетілдіру және заңсыз контентпен күресу жұмыстары жалғаса беретінін айтты. Сондай-ақ Премьер-Министр қазіргі жастарды тәрбиелеудегі мәселелер тек әлеуметтік желілердің зиянды әсерінен ғана емес екенін атап өтті.
Естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын Сенат депутаты Геннадий Шиповских Қазақстанда Tik-tok әлеуметтік желісін бұғаттау туралы бастама көтерген болатын.