×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Санақ нәтижесі: Қазақ ұлтының үлесі 70%-дан асты

08.12.2021, 10:51
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижесі туралы баяндалды деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы әйелдер.

Қазақстан халқының орта жасы 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар.

«Еліміздегі қазақтардың үлесі 70,18 пайызға жетті. Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылды», – делінген деректе.

Серіктес жаңалықтары