×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Чехия азаматтарына Украина қарулы күштеріне қосылуға рұқсат етілді

03.11.2024, 12:12
Чехия азаматтарына Украина қарулы күштеріне қосылуға рұқсат етілді
Фото: Евгений Малолетка / AP

Чехияның 60 азаматы Украина қарулы күштерінің қатарына қосылуға Прагадан ресми рұқсат алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

Жергілікті Novinky басылымының хабарлауынша, бұл ақпаратты президент Питер Павелдің өкілі Филипп Платос берген.

Спикер 180-нен астам чех азаматы Украина қарулы күштері жағында соғысуға рұқсат беруді сұрап, өтініш бергенін айтты. Петр Павел Қорғаныс, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерімен келісе отырып, осындай 60 өтінішті мақұлдады.

КЕРЕК ДЕРЕК

Чехия азаматтарына Чехия президентінің рұқсатынсыз шетелдік әскерге қосылуға тыйым салынғанын айта кеткен жөн, рұхсатсыз соғысққа қатысу қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соғады.

Ал Еurointegration.com басылымы бүгінге дейін Украина үшін ресми түрде ерікті ретінде соғысып, қаза тапқан төрт чех жайлы хабардар екенін жазды.