×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жалақы қаржысын жымқырды: «Кезби» директорына 321 млн теңге ұрлады деген айып тағылды

03.11.2024, 14:38
Жалақы қаржысын жымқырды: «Кезби» директорына 321 млн теңге ұрлады деген айып тағылды
Ulysmedia коллажы

Қаржылық мониторинг агенттігі "Кезби" компаниясының басшысына қаражатты жымқыру және салық төлемеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми интернет-ресурсында хабарланды.

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

“ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Кезби" ЖШС атқарушы директоры Ержан Кезбаевқа қатысты ҚК 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол компания қызметкерлеріне жалақы төлеу үшін "Өзенмұнайгаз" АҚ бөлген 321 млн теңгені жымқырып, сондай-ақ 1,5 млрд теңгеге жуық сомаға салық төлеуден жалтарады деген күдікке ілінді”, делінген агенттік хабарламасында.

“ӨЗЕНМҰНАЙГАЗБЕН" ШАРТ ЖАСАСҚАН

2021 жылы "Кезби" ЖШС "Өзенмұнайгаз" АҚ-мен бригада үшін сағатына 65 мың теңге бағамен қызмет көрсету шарттарын жасасқан.

Кейіннен еңбекақы мен медициналық жәрдемақылардың өсуін қоса алғанда, жұмысшылар үшін әлеуметтік пакетті жақсарту мақсатында қызмет бағасы бригада үшін сағатына 87 мың теңгеге дейін ұлғайтылған.

Алайда қаражаттың едәуір бөлігін, атап айтқанда 321 млн теңгені компания басшысы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына жұмсамай жымқырған.

ҚОЛҒА ТҮСТІ

Агенттіктің хабарлауынша, күдікті Е.Кезбаев бүгін 3 қараша күні ұсталғкн. Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.