×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жел, көктайғақ, жаңбыр. Елді қандай ауа райы күтіп тұр

04.11.2024, 08:01
Жел, көктайғақ, жаңбыр. Елді қандай ауа райы күтіп тұр
Ашық дереккөз

Қазгидромет 4 қарашадағы Қазақстан өңірлері бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Астана қаласында түнде және таңертең оңтүстік-батыстан, солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады екпіні 15-20 м/с жетіп, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып,жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсуі мүмкін.

Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жететін жел соғады.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болуы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсуі мүмкін. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында соққан желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Абай облысының шығысында тұман түсуі мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында нөсер (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауыспалы жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Түркістан облысының таулы аудандарында нөсер жаңбыр, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, облыстың тау асуларында екпіні 23 м/с.

Шымкент қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғып, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін деп болжанады.