×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Атышулы «Хасан» ұсталғаны туралы ақпарат шықты

04.11.2024, 08:32
Атышулы «Хасан» ұсталғаны туралы ақпарат шықты
Фото: “ПИСЬМА ПРЕЗИДЕНТУ” телеграм арнасы

Талғардағы жасөпірім Шерзат Болаттың өлімінен кейін ел арасында күдіктілер жергілікті ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдері, оның басында Хасан Қасымбаев деген азамат тұр деген сөз желдей есті. Бүгін сол "Хасан" ұсталды деген ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақпарат “ПИСЬМА ПРЕЗИДЕНТУ” телеграм арнасында шықты.

“Құқыққорғау органы қызметкерлері тосынсый ұйымдастырып, Талғардағы “Хасанның” өзін 10 жыл бұрынғы қылмыс үшін-мыс ұстағаны туралы ақпарат келіп түсті” делінген арнадағы жазбада.

Алматы облысы Полиция департаменті ақпаратты растамады, терістемеді де. Ulysmedia.kz-ке тек ПД өкілі өкілі “келісілгеннен кейін жіберемін” деп жауап берді.

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы қанды оқиғадан кейін қаладағы бұзақылық, қылмыстық істердің артында тұрған басты адам, “Хутор” ҰҚТ-ның жетекшісі ретінде айтыла бастады. Алайда ресми органдар мұны терістеп, Талғарда ешқандай қылмыстық топ жоқ, аталған оқиғалар бойынша күдіктілердің Хасан Қасымбаевпен байланысы анықталмады деген. Хасан Қасымбаев та көпшілікке үндеу жолдап, өзінің қандайда бір қылмыстық әрекеттермен байланысын жоққа шығарған. “Хасанды” қорғап үндеу жасаған ауылдастары оны қайырымды, ауылға, мұқтаж адамдарға белсене қол үшін беретін адам ретінде сипаттаған. Жуырда қоғамдық резонансқа айналған істен кейін Хасан Қасымбаевтың ағасы Аслан Қасымбаев Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметінен босатылған.