×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей компаниясы Қазақстандағы қалайы кен орнының жартысын сатып алады

04.11.2024, 15:02
Ресей компаниясы Қазақстандағы қалайы кен орнының жартысын сатып алады
Tin One Mining

Solidcore Resources plc компаниясы Lancaster Group компаниясынан игерілмеген Сырымбет қалайы кен орнындағы 55% үлесін алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ  

Solidcore Resources plc алтын өндіруші компаниясы Lancaster Group-тың еншілес компаниясынан игерілмеген Сырымбет полиметалл кен орнының 55% сатып алады. Оны ресейлік компания 82,5 млн долларға алып отыр.

Қазақстанда ешкім қалайы өндірумен ешқашан айналыспаған. Lancaster Group бұған дейін Қазақстан даму банкінен қаржы тарта отырып, 410 миллион долларға байыту фабрикасын салуды жоспарлаған болатын. Тіпті италиялық Bonatti арқылы игермек еді. Бірақ оның құрылыс сол күйі басталған жоқ, – деп жазады Energy Monitor директоры Нұрлан Жұмағұлов.

КЕН ОРЫНЫ  

Сырымбет – Қазақстанның солтүстігінде орналасқан полиметалл кен орны. Негізгі компоненті – қалайы. Бұл – Қазақстандағы жалғыз қалайы кен орны. 1985 жылы ашылған. Ал 1998 жылы "Сырымбет" АҚ құрылды. 2017 жылы компания "Tin One Mining"АҚ болып өзгертілді. Қазір оның жалғыз акционері – Lancaster Group еншілес компаниясы – Berkut Mining компаниясы, деп жазады Forbes Қазақстан.

Solidcore Resources plc  

Solidcore Resources plc – алтын өндіруші ресейлік компания. 2024 жылдың маусымына дейін Polymetal деп аталған. 2023 жылы Джерси аралынан Қазақстанға көшіп, AIX-ке тіркелген. Компанияның бас атқарушы директоры – ресейлік кәсіпкер Виталий Несис.

Lancaster Group  

Lancaster Group компаниясын 2003 жылы төрт дос және әрі іскер серіктес Нұрлан Қаппаров (қазір марқұм), Ерболат Досаев, Берік Қаниев және Юрий Пак құрған.