×
$
441.88
€
503.61
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.88
€
503.61
₽
5.24

Каспийде қаза тапқан спортшыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі басталды

Бүгін, 10:36
Каспийде қаза тапқан спортшыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі басталды
Ulysmedia.kz коллажы

Ақтауда Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметші, самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері, 20 жастағы Сержан Аяпбергенді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Ulysmedia тілшісінің хабарлауынша, марқұммен қоштасуға жүздеген адам жиналған.

Әскери қызметшіні ақтық сапарға шығарып салуға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов және мемлекеттік органдардың басқа да өкілдері келді. Сондай-ақ, рәсімге бұрынғы депутат Еділ Жаңбыршин де келген.

Әкімдік қызметкерлері басылым тілшісіне Каспийдегі қайғылы оқиғада қаза тапқан барлық әскери қызметші әскери құрметпен жерленетінін айтты.

Мән-жай

Еске салайық, қайғылы жағдай 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде болған.

Жел күшейген кезде әскери қызметшілер теңізге ағып кеткен. Алғашында Қорғаныс министрлігі теңізге 19 адам кеткенін хабарлаған еді. Кейін билік олардың саны 17 болғанын нақтылады. Салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапты.

Қаза тапқандардың бірі - 20 жастағы самбошы Сержан Аяпберген.

Маңғыстау облысының тұрғындары ауа райының қолайсыз болатыны алдын ала белгілі болғанын айтқан.

23 қыркүйекте синоптиктер ауа райына байланысты ескерту жариялаған. Ол 24 қыркүйек сағат 20:00-ге дейін күшінде болған.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов қайғылы оқиғаға байланысты екі қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бірінші іс - ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау дерегі бойынша, екіншісі - кеме жүргізу қағидаларын бұзу дерегі бойынша тергеліп жатыр.