×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Оңбағандар, мені алдады». Уәлибек Әбдірайымов фильмге қалай түскенін айтты

05.11.2024, 09:02
«Оңбағандар, мені алдады». Уәлибек Әбдірайымов фильмге қалай түскенін айтты
Ашық дереккөз

Белгілі актер, әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов көрермендерінің көңілі толмай, сынға қалған фильмге режиссерлер алдап түсіргенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үлкен экранға шықпай жатып сынның астында қалған «Кеттік бәрін таста» фильміне түскен Уәлибек Әбдірайымов сынға қалған болатын.

Ол бұл фильмге бір-ақ ауыз сөз айту үшін түскен. 

«Екі бала құл болып кетеді. Сіз сол құлдардың атаманы боласыз» деді. «Былапыт сөздер, орысша сөздер жоқ па?» деп сұрадым. Ондай болмайды деді. Сосын келістім. Бірақ мен түскен жерлерде ғана болмапты ондай сөздер. Оңбағандар, мені алдап кетті. Мен бұл киноға бір сөз айтуға ғана бардым. «Жәйша жүрсіңдер ма?» деп айтады екенмін. «Шаншарда» хит болған сөзіме бола түсіріпті ғой, – деді актер «Қызық Times» бағдарламасында.

Фильмді көрген әлеуметтік желі қолданушылары киноның сапасына, сөйлеу мәнері мен тұрпайылығына қатысты сын айтып жатыр.