×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Орал қалалық сотының төрағасы ұсталды

05.11.2024, 08:30
Орал қалалық сотының төрағасы ұсталды
Сот

Руслан Жұмағұлов пара алған кезде ұсталды. Онымен бірге екі адвокат ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Уральская неделя басылымына сілтеме жасап.

АҚПАРАТТА НЕ ДЕЛІНГЕН 

Пара сотталған азаматқа оң шешім шығару үшін 1,5 млн теңге мөлшерінде ақша беруге байланысты болған. Жедел-тергеу іс-шараларын ҰҚК орталық аппаратының және БҚО департаментінің қызметкерлері жүргізген.

ОЛ КІМ

Руслан Нартайұлы Жұмағұлов 1980 жылы 16 қарашада Алматы қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Қазақ гуманитарлық заң академиясын үздік бітірген. Еңбек жолын 2001 жылы БҚО Орал қалалық прокурорының көмекшісі болып қызметінен бастаған. 2002 жылы Орал қаласының прокурорының аға көмекшісі болды. 2003 жылы БҚО облыстық прокуратурасына ауыстырылды. 2003 жылдан 2007 жылға дейін БҚО прокуратурасында басқарма прокуроры, басқарма аға прокуроры, облыс прокуратурасының бөлім басшысы қызметін атқарған. 2007 жылдан 2011 жылға дейін Теректі аудандық прокурорының орынбасары, кейін Зеленов аудандық прокурорының орынбасары қызметінде болған. 2011 жылдан 2015 жылға дейін Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасында қорғаушы болып еңбек еткен.

2015 жылы президентінің жарлығымен Орал қалалық сотының судьясы болды. 2019 жылы Орал қалалық сотының төрағасы болып тағайындалған.