Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын қымбат көлікке теңеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Өкінішке қарай, біз өзіміздің вакциналарымызды бағалай бермейміз. Жақсы әрі мықты, дельта штамға қарсы күші бар вакцинамыз барын мақтаныш етуіміз керек. 70 жылдан бері біздің ғалымдар өз тәжірибелерін шыңдап келеді. Неліктен біз басқа елдердегі вакциналарға қарап, олар біздікілерден мықты деп ойлаймыз№?» - деді ол.
Осы кезде тілшілер министрге неліктен Pfizer вакцинасы сатылғалы жатқанын сұрады.
«Біз ол вакцинаны басқалардан артық көріп тұрған жоқпыз. Себебі оның саны шектеулі. Бұл бір. Тиісінше, біз балаларға бірінші болып вакцина салдыруымыз керек. Қазір сіздерде басқа вакцинаны салдыруға шектеу жоқ қой», - деді ол.
Алексей Цой сонымен қатар Pfizer вакцинасын қымбат көлікке теңеді.
«Біреу бір көлікті, екіншісі қымбат көлікті алғысы келеді. Ендеше, барыңыз да, автосалоннан алыңыз. Pfizer мықты деген сөзіміз емес. Бұл вакцинаны балаларға салуға болады. Қалған бірде-бір вакцинаны балаларға немесе жүкті әйелдерге салуға келмейді», - деді Алексей Цой.