×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ресей АҚШ-та ұшақтарда жарылыстар ұйымдастыруға әрекет жасады деген күдік пайда болды

05.11.2024, 10:05
Ресей АҚШ-та ұшақтарда жарылыстар ұйымдастыруға әрекет жасады деген күдік пайда болды
Көрнекі сурет

Ресей АҚШ-қа өрт шығаруға арналған тұтандырғыш құрылғыларды сәлемдеме ретінде жіберіп, ұшақтарда өрт шығару әрекетіне барды деп күдіктелуде, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

The Wall Street Journal-дың мәліметі бойынша, ресейлік агенттер шілде айында Германия мен Ұлыбританиядағы логистикалық орталықтарда тұтанған құрылғылардың екеуін АҚШ-қа жіберген. Мұндағы мақсат – Солтүстік Америкаға бағытталған жүк немесе жолаушылар ұшақтарының бортында өрт шығару дейді басылым..

Бұл құрылғылар электрлік массажер түрінде жасырылған және құрамында магний негізіндегі тұтандырғыш зат болған, әуе арқылы жеткізуге арналған. WSJ деректеріне сәйкес, бұл сәлемдемелер Ресейдің АҚШ пен оның одақтастарына қарсы ауқымды диверсиялық операциясының бір бөлігі болуы мүмкін.

Арнайы қызмет өкілдері бұл әрекеттерді «сынақ» деп атауда, себебі мұндағы мақсат – осындай құрылғыларды Солтүстік Америкаға бағытталған ұшақтарға алып өтудің мүмкіндігін тексеру болған.