×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыда 5 мың жүргізуші негізсіз айыппұл арқалаған

05.11.2024, 11:06
Алматыда 5 мың жүргізуші негізсіз айыппұл арқалаған
Көрнекі сурет

Алматы прокуратурасы жылдамдықты асырғаны үшін негізсіз айыппұл салынған автобус иелерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙЫ

2024 жылғы 17 сәуірде ІІМ бұйрығымен елді мекенде автобустар мен шағын автобустар үшін жылдамдық режимін сағатына 50 км дейін төмендету туралы құқықтық актілерге өзгерістер енгізілген. 2024 жылдың 29 шілдесінен бастап «Сергек» камералары көрсетілген жылдамдықты асыруды тіркеуге қайта бапталған.

Алайда жолдарда ақпараттық белгілер орнатылмаған болып шықты.

Бұл аталған санаттағы көлік құралдарын жүргізушілерінің жылдамдық режимін бұзуына әкеп соққан.

Нәтижесінде 5 000-нан астам автобус иелері айыппұл төлеу жөнінде заңсыз нұсқамалар алған.

МӘЛІМДЕМЕ

“Прокуратураның актілері бойынша айыппұл төлеу туралы нұсқаманың күші жойылды, 3102 кәсіпкерлік субъектісінің және 1995 азаматтың құқықтары қорғалды. Сонымен қатар айыппұл төлеу туралы нұсқамамен келіспеген көлік құралдарының иелері оған жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) немесе сотқа (ӘҚБтК-нің 43-1 және 44-1-тараулары) дербес шағымдануға құқылы екенін түсіндіреміз” делінген Алматы прокуратурасы таратқан хабарламада.

Прокуратура 50% мөлшерінде ерікті түрде айыппұл төленген істер қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды деп есептелетіндіктен, мұндай шешім шығарған орган жаңадан ашылған істердің мән-жайын ғана қайта қарауы мүмкін екенін ескертті.