×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Алматыдағы жер сілкінісі. Талғар, Есік қалаларының оқушылар үйіне қайтарылды

05.11.2024, 12:54
Алматыдағы жер сілкінісі. Талғар, Есік қалаларының оқушылар үйіне қайтарылды
Көрнекі сурет

Алматы қаласы мен іргелес жатқан Алматы облысының аудандарында сезілген жер сілкінісіне байланысты Талғар мен Есік қалаларының кей мектептерінде оқушылар үйіне қайтарылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы облысы білім басқармасының мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Есік өңіріндегі  6 мектептің 6960 баласы және жақын ауылдардағы мектептер мен балабақшалардың балалары үйлеріне қайтарылған. Талғар ауданында барлығы 42 мектеп бар. Соның ішінде Талғар қаласындағы 10 мектептің  12529 оқушысы және балабақша тәрбиеленушілері үйлеріне жіберілген. 

Облыстың барлық білім беру мекемелерімен төтенше жағдай, жер сілкінісі бойынша бірнеше рет оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілген. Төтенше жағдай кезінде әр білім беру мекемесінің басшысы  тиісті алгоритм бойынша әрекет жасады. Барлық оқушылар мен ересектер (педагогтар, техникалық қызметкерлер) бірден сыртқа, қауіпсіз аймаққа шығарылды” делінген басмқарма хабарламасында.

Оқушыларға тапсырма қашықтан берілетін айтылды.

Бүгін, 5 қарашада Астана уақытымен 10 сағат 1 минутта Алматы облысы мен Алматы қаласында жер сілкінді. Жер сілкінісі ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 км жерде болған. Қуаты Алматыда 3 балды көрсеткен. Талғар, Есік қалаларында 4 балға дейін байқалған.

Тербеліс бірнеше қабатты ғимараттарда да, жер үйлерде сезілген.